Бишімбаевтың әкесі жеке университетін ашпақ – Министрлік түсініктеме берді

16:06, 3 сәуір 2025

© Сурет: pixabay

Желіде Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев Таразда жеке университет ашуды жоспарлап отырғаны жайлы қауесет тарады. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Желідегі ақпарға сүйенсек, жаңа оқу орны Bishimbayev University деп аталмақ және келесі оқу жылынан бастап қабылдау жүргізіледі-міс.

Университет заң саласындағы мамандықтарға, соның ішінде азаматтық, қылмыстық, халықаралық, корпоративтік, қаржылық және салықтық құқық, интеллектуалдық меншік және арбитраж бойынша мамандар даярлауды жоспарлауда.

2025 жылғы 3 сәуірде Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Ол мәлімдемесін Facebook парақшасында жариялады.

Беркінбаевтің айтуынша, ҚР "Білім туралы" Заңының 5-3-бабына сәйкес, кадрлар даярлау бағыттары мен оқыту нысандары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысу үшін заңды тұлғаларға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатады.

"Осыған байланысты, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы кез келген білім беру қызметі міндетті түрде лицензиялануға жатады. Сонымен қатар, рұқсат беру немесе хабарлама тәртібі белгіленген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жеке және заңды тұлғалардың тиісті рұқсат алмай немесе тиісті хабарламаны жібермей жүзеге асыруына жол берілмейді",- деді Беркінбаев

Ол сондай-ақ министрлік "Bishimbayev University" атауымен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия берілгенін жоққа шығаратындығы, мұнымен қоса "е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінде тиісті өтінімнің болмағанын хабарлады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!