Бишімбаев ісі: сот тергеуі аяқталды
© Сурет: Telegram/Jogargy_sot
24 сәуірде судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот тергеуінің аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұның алдында ол айыпталушылардан өздеріне тағылған айыптар бойынша ұстанымдары өзгерген-өзгермегенін сұрады.
"Азаптау бойынша маған тағылған кінәні мойындамаймын. Екінші эпизод бойынша маған қасақана қатыгездікпен кісі өлтірді деген айып тағылды, мен Нүкенованы өлімші етіп ұрып-соққанымды мойындаймын, бірақ мен мұны қасақана жасаған жоқпын", - деді Қуандық Бишімбаев.
Судья: "Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған дене жарақаттарын келтіру бойынша кінәмді мойындаймын дейсіз ғой" деп оған нақтылап сұрақ қойды. Бишімбаев мұны растады.
Екінші сотталушы - оның немере ағасы Бақытжан Байжанов кінәсін толық мойындамады.
"Қылмысты жасыру дегенді мойындамаймын. Қылмыс туралы хабарламауға келетін болсақ, мен қалай білдім, солай бірден "жедел жәрдем" шақырдым. Сондықтан мұны да мойындамаймын. Менің кінәм бар: көмекті ертерек шақыруым керек еді", - деді ол.
Сотталушылардың сөзінен кейін судья:
"Олай болса, сот тергеуі аяқталды деп жарияланады. ҚР ҚІЖК 383-бабының талабы бойынша сот тараптарға 2024 жылғы 29 сәуірге дейін сот жарыссөздеріне дайындалу үшін уақыт береді. 29-ы күні сот отырысы жалғасады және жарыссөз басталады", - деп мәлімдеді Құлбаева.
Аталған қылмысты іс бойынша 27 наурыздан бастап 17 сот отырысы өтті.
"Жарыссөз 29, 30 сәуірде, 2, 3 мамырда және уақыт жеткіліксіз болып жатса, 4 мамырда да болады. Бірақ бәріне үлегереміз деп ойлаймын", - деді судья.
24 сәуірде сот отырысында көріпкелден жауап алынды, оның айғақтары сотталушылар Бишімбаев пен Байжановтың келтірген айғақтарынан басқаша болып шықты. Сонымен қатар, сотта отбасының үй қызметкері сөз сөйледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:49, 5 мамыр 2024
Астанада бірнеше жолаушылар автобусының жүріс кестесіне өзгеріс енгізілді
-
17:42, 5 мамыр 2024
Жайықтың суы қауіпті шектен асты. Атырау облысындағы су тасқыны жағдайлары бақылауда
-
17:13, 5 мамыр 2024
ҚР ТЖМ су тасқыны жағдайларына байланысты соңғы мәліметтермен бөлісті
-
17:01, 5 мамыр 2024
БҰҰ: Газа секторында «кең ауқымды ашаршылық» байқалады
-
16:46, 5 мамыр 2024
Димаштың Будапештегі концерті аншлагпен өтті