Бірыңғай QR-код: банктерге бір ай уақыт берілді
© Фото: freepik
Қазақстан Ұлттық банкі бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау жүйесін іске қосу мерзімдерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық банктің мәліметінше, барлық екінші деңгейлі банктерді Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосу жаңа "Банктер туралы" заңға енгізілген түзетулер аясында жүзеге асырылады.
"Бұл түзетулер 2026 жылғы 18 шілдеден бастап күшіне енеді. Осы уақытқа дейін банктер өз жүйелерін жетілдіру мен тестілеу жұмыстарын аяқтап, Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосылуы тиіс", – деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Осылайша, банктерге жүйелерін жаңа стандарттарға сәйкестендіру үшін бір ай уақыт берілді. Бірыңғай QR-код жүйесін іске қосу 2026 жылғы 19 шілдеге жоспарланып отыр.
Жаңа жүйенің басты мақсаты – әртүрлі банктердің клиенттеріне бір QR-код арқылы төлем жасауға мүмкіндік беру. Бұл кәсіпкерлерге бірнеше төлем жүйесін қатар пайдаланудың қажеттілігін азайтып, сатып алушылар үшін төлем жасауды жеңілдетеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесін іске қосу банктердің техникалық жүйелеріндегі айырмашылықтарға байланысты кейінге шегерілгенін айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:47, 20 маусым 2026
Бектенов шекарадағы бақылауды күшейтіп, жанар-жағармай тапшылығына жол бермеуді тапсырды
-
12:36, 20 маусым 2026
Есірткі контрабандасы бойынша сотталған қазақстандық әйел Қырғызстаннан экстрадицияланды
-
12:26, 20 маусым 2026
Қазақстаннан Әзербайжанға қатынайтын тағы үш бағыт іске қосылды
-
11:23, 20 маусым 2026
Елімізде жыл басынан бері адам саудасына байланысты 72 қылмыс анықталды
-
11:03, 20 маусым 2026
2002 жылғы футболдан Әлем чемпионатының қола жүлдегері - Түркия құрамасы жарыстан шығып қалды





