Маңғыстау облысында жанармайы таусылған ресейлік мотоциклші жолда қалып қойды

12:14, 28 шілде 2026
MKZ: 1558385

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

27 шілде күні Маңғыстау облысындағы Бейнеу – Сайөтес автожолының 421-шақырымында Ресей Федерациясының азаматы мінген мотоциклдің жанармайы таусылып, жолда қалып қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 10:00 шамасында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Абай Атшыбаев пен Ғалымжан Тұрғанбаев оқиғаға жедел әрекет етіп, жүргізушіге қажетті көмек көрсетті.

"Полицейлер мотоциклге жанармай құйып беріп, туристің сапарын қауіпсіз жалғастыруына мүмкіндік жасады",- делінген ақпаратта.
Маңғыстау облысында жанармайы таусылған ресейлік мотоциклші жолда қалып қойды , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2026 12:14

Сурет: Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі

Өз кезегінде ресейлік турист полиция қызметкерлеріне дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғысын айтып, сапарын әрі қарай жалғастырды.

Бұған дейін Ұлытау облысында той кортежіне қатысқан 8 көлік айып тұрағына қойылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!