Астанада марғау бейнеленген ерекше мурал пайда болды

12:27, 28 шілде 2026
MKZ: 1558384

© Фото: zakon.kz

Астананың Байқоңыр ауданындағы Ғабдуллин көшесі, 17/1 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің маңында жаңа әрі ерекше мурал салынды, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа арт-нысан ауланы және оған іргелес жаяу жүргіншілер аймағын жандандырып, тұрғындар үшін тартымды әрі көрікті кеңістікке айналдырды.

Бұрын бос тұрған қабырға енді жайлы кейіпте жатқан жасыл көзді мысықтың әсерлі бейнесімен безендірілді. Ол қалалық кеңістікпен үйлесімді үндесіп, аумақтың сәнін келтіріп, тұрғындар мен қонақтарға арналған жаңа фотоаймаққа айналды.

Жергілікті тұрғындар қабырғадағы ерекше туындыны жылы қабылдап, жасыл көзді мысық бейнеленген муралдың суреттерін әлеуметтік желілерде жариялай бастады.

Бұған дейін

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!