Бір топ қазақстандық мемлекетке 30 млрд теңгеден астам шығын келтірген
© Фото: pexels
Соңғы екі жылда Қазақстан соттары қараған қылмыстық істер бойынша мемлекетке жалпы сомасы 66,5 млрд теңге шығын келтірілген. Алайда оның жартысына жуығы кінәлі тұлғалардан әлі өндірілмеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 24 тамызда Бас прокуратура мәлімдеді.
"Прокуратура органдары қылмыстық әрекеттер салдарынан мемлекетке келтіріліп, өтелмеген шығындарды анықтау және қаражаттың бюджетке нақты қайтарылуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді", – делінген қадағалау органының хабарламасында.
Келтірілген 66,5 млрд теңге шығынның 30,1 млрд теңгесі өндірілмей қалған.
Бас прокуратураның мәліметінше, мұндай жағдайдың негізгі себептерінің бірі – уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекетке келтірілген шығынды өндіру туралы сотқа талап-арыз бермеуі.
Прокурорлар алты ұсыну мен үш наразылық енгізіп, жалпы сомасы 30,1 млрд теңгені құрайтын 27 талап-арыз берген.
Қазіргі уақытта мемлекет кірісіне 651 млн теңге қайтарылды. Қалған шығын сомаларын өндіру жөніндегі талап-арыздар сотта қаралып жатыр.
Осындай істердің бірі Қызылорда облысында тіркелген. Екі азамат ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы 63 автокөліктің техникалық құжаттарына өзгеріс жасаған. Соның салдарынан 16 көлік үшін 115,3 млн теңге кедендік төлем, сондай-ақ 63 автокөлікті бастапқы мемлекеттік тіркеуге арналған 460,6 млн теңге алым бюджетке түспеген.
Прокуратура қабылдаған шаралардан кейін уәкілетті орган сотқа жүгінді. Нәтижесінде мемлекет пайдасына 575,9 млн теңге өндірілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:08, 24 тамыз 2026
Бала бір құлағының есту қабілетінен айырылды: дәрігер ауруханаға 2 млн теңгеге жуық өтемақы төлейді
-
12:48, 24 тамыз 2026
Стоматолог кариесті ерте кезеңде емдеу тәсілін түсіндірді
-
12:25, 24 тамыз 2026
Міндетті сақтандыру талаптары тұтынушылар үшін икемді әрі түсінікті болады
-
12:15, 24 тамыз 2026
Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
-
12:09, 24 тамыз 2026
24 тамызда Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы





