Білім министрі мектептердегі буллинг туралы: Жағдай бір күнде түзеліп кетпейді
© Фото: pexels
2026 жылғы 27 қаңтарда Білім министрі Жұлдыз Сүлейменова үкіметтегі брифингте мектептердегі буллингке қарсы қабылданып жатқан шаралар мен оқушылар арасындағы жанжалдарға қатысты қайғылы оқиғалар жөнінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің сөзінше, бұл мәселе жүйелі түрде зерттелген. Осы мақсатта Жамбыл облысында 100 мектеп кездейсоқ іріктеліп, тексерілген.
"Тексеру қорытындысы бойынша облыс әкімі мен Ішкі істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Бұл мәселе бақылауда. Мектептердегі буллингке қатысты түйткілдер бар, алайда біз заңнамалық деңгейде бірқатар жүйелі шаралар қабылдадық. Соның бірі – 111 байланыс орталығы. Буллингке ұшыраған әрбір бала осы нөмір арқылы көмекке жүгіне алады", – деді Сүлейменова.
Сонымен қатар министрдің айтуынша, 2027 жылдан бастап педагог-психологтердің жұмысы жүйелі түрде жетілдіріледі.
"Қазіргі таңда педагог-психологтерге балалармен тікелей жұмыс істеуге бар болғаны бір сағат қана бөлінеді. Бүгін қандай да бір үдерісті енгізіп, ертең немесе бір айдан кейін бәрі бірден жақсарып кетеді деп айта алмаймыз. Дегенмен бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр", – деп толықтырды министр.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы қараша айында Түркістан қаласында кеуде тұсынан соққы алған мектеп оқушысы көз жұмған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 27 қаңтар 2026
«Циклон жүріп, аяз болады». Еліміз бойынша 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
-
17:43, 27 қаңтар 2026
Алматыда полицейлер арнайы рейд жүргізіп, кейбір көліктерді айып тұрағына әкетіп жатыр
-
17:30, 27 қаңтар 2026
Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның төрағасын қабылдады
-
17:21, 27 қаңтар 2026
Алматыда алаяқтықтың сорақы түрі анықталды: қарттарды алдап, кедейлердің атына автонесиелер рәсімдеген
-
16:54, 27 қаңтар 2026
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға клиникалық зерттеулер жүргізу ережелері жаңартылды





