Алматыда полицейлер арнайы рейд жүргізіп, кейбір көліктерді айып тұрағына әкетіп жатыр
© Сурет: Zakon.kz
Алматыда жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін күшейтуге және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған "Қауіпсіз жол" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл шараның нәтижесі туралы 2026 жылы 27 қаңтарда оңтүстік астананың полиция департаментінің баспасөз қызметі бөлісті:
"Іс-шара аясында әкімшілік полицияның іздестіру бөлімшесінің қызметкерлері әкімшілік айыппұлдарды жүйелі түрде төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізді. Айрықша назар ірі көлемдегі берешегі бар көлік құралдарына аударылды.Жүргізілген шаралардың нәтижесінде бірнеше автокөлік ұсталды. Аталған көліктер бойынша төленбеген айыппұлдардың жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асты".
Барлық көлік құралдары қарыз толық өтелгенге дейін арнайы айып тұрағына қойылды.
"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы тек құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, сонымен қатар жүргізушілердің жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған. Айыппұлдарды жүйелі түрде төлемеу — заң талаптарын саналы түрде елемеу. Мұндай жағдайларда қабылданатын шаралар қағидатты әрі бұлтартпас болады", — деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Сондай-ақ ол әкімшілік қаулылардың орындалуын бақылау жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі екенін атап өтті.
"Әрбір жүргізуші айыппұлдың жай формалдылық емес екенін түсінуі тиіс. Заңды талаптарды орындамау нақты салдарға, тіпті көлік құралын алып қоюға дейін әкелуі мүмкін. Бұл — тәртіп пен қала жолдарындағы жалпы қауіпсіздік мәселесі", деп сөзін түйіндеді Серік Шумаев.
Полиция азаматтарды айыппұлдарды уақтылы төлеу қосымша шектеу шараларының алдын алатынын еске салып, автокөлік иелерін берешектің бар-жоғын алдын ала тексеруге шақырды.
Бұған дейін Алматыда алаяқтықтың сорақы түрі анықталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:54, 27 қаңтар 2026
Қырғызстан ЕАЭО сотына жүгініп, Ресейдің үстінен арызданды
-
19:30, 27 қаңтар 2026
Астанада 28 қаңтарда бірінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады
-
18:58, 27 қаңтар 2026
1 млрд теңге заңсыз дивидент әшкереленді: Қаржы министрлігі Алматы әуежайын тексерді
-
18:53, 27 қаңтар 2026
ІІМ ел азаматтарына «Қазақтелеком» атын жамылушы алаяқтар пайда болғанын ескертеді
-
18:46, 27 қаңтар 2026
Килиан Мбаппе Еуропадағы ең мықты шабуылшы деп танылды





