«Билеттер шамадан тыс сатылған». Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы қамауға алынды
© Сурет: Instagram/kair_n
Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, сатылған билеттер саны концерт алаңының рұқсат етілген сыйымдылығынан едәуір асып кеткен. Бұл адамдардың шамадан тыс жиналуына әкеліп, көрермендердің қауіпсіздігіне қатер төндірген.
"Адамдардың қысылып қалуы салдарынан 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Әлеуметтік желілерде адамдардың қаза болғаны туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қаза болғандар жоқ. Концерт ұйымдастырушысы, 1984 жылы туған Л. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", деп нақтылайды полициядан.
Тергеу жүргізілуде.
"Тергеу барысы Шымкент қаласы полиция департаменті басшылығының бақылауында. Полиция азаматтарды тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады", - деді департаменттен.
Бұған дейін Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертінде адамдар зардап шегіп, қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған. Сондай-ақ Қайрат Нұртастың концертінде үш адамның мерт болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні жарияланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:02, 17 қараша 2026
Қазақстандықтар дәріханалардан қандай дәрілерді рецептісіз сатып ала алмайды
-
14:44, 17 қараша 2026
Отандық өндірушілер мұнай-газ саласында 300 млрд теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасты
-
14:40, 17 қараша 2026
Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтардың жұмысы қайта ұйымдастырылмақ
-
14:31, 17 қараша 2026
Қазақстанда бедеулікті емдеу күндізгі стационар жағдайында жүргізіледі
-
14:24, 17 қараша 2026
Үкімет Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін арттыруды көздеп отыр





