Берік Асылов халықаралық алаяқтарға қарсы жүргізілген операцияның нәтижесін жариялады
© Фото: pixabay
Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов алаяқтардың қоңырауларын тосқауылдап, қылмыстың алдын алуға бағытталған Anti Call-Орталығының іске қосылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба Астанада іске қосылып, алғашқы нәтижелерін көрсете бастады.
"Жұмыс бастағанына үш айдан сәл ғана асса да, орталық шетелден қазақстандықтарға бағытталған 70 мыңнан астам қоңырауды перехват жасады. Орталық білікті операторлармен жасақталған және прокурорлардың үйлестіруімен тәулік бойы жұмыс істейді. Нәтижесінде Астанада биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша интернет-алаяқтық 22% төмендеді. Басқаша айтқанда, мыңдаған азамат қаржылық шығыннан және алдаудан қорғалды", – деп жазды Асылов 2025 жылдың 17 қарашасында X (Twitter) парағында.
Оның айтуынша, орталық қазақстандықтарды алдау үшін қолданылатын шетелдегі колл-орталықтар мен цифрлық құралдарды анықтауға да көмектеседі.
"Ресей, Украина және Армения аумағындағы телефон арқылы алаяқтықпен айналысатын қылмыстық офистердің 10-ы сол елдердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп әшкереленіп, қызметі тоқтатылды… Олар 63 қаскөйді ұстады, жүздеген арнайы техника тәркіленді. Тінту барысында бейне мен дауысты өзгертуге арналған бағдарламалық қамтылымдар (дипфейк технологиялары) және Қазақстан азаматтарының дербес деректер базалары табылды", – деп жалғастырды Бас прокурор.
Оның айтуынша, қылмыс шекараға бағынбайды, сондықтан халықаралық өзара іс-қимыл онымен күрестегі негізгі құралға айналуда.
"Мәселен, Беларусь Республикасының құқық қорғау органдарымен тығыз ынтымақтастық орнатылып, бірлескен жедел-тергеу тобы құрылды. Қазіргі уақытта Беларусь аумағында өзге мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының да мүлкіне қол сұққан 55 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Олар келтірген залал көлемі біздің азаматтар үшін 67 миллион теңгеден асты", – деді Асылов.
Бас прокурор "Anti Call-Орталық" жобасын өзге облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда да кеңейтуді тапсырды.
10 қарашада Берік Асылов есірткі қылмыстарымен күреске арналған екі инновациялық құрал – "Crypto Trace" және "ProkAi" жүйелерінің құрылғанын хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:57, 6 желтоқсан 2025
Түркістан облысында жұдырығына ерік берген шенеунік жұмысынан айрылып тынуы мүмкін
-
17:45, 6 желтоқсан 2025
«Боран, көктайғақ». Астана мен еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:52, 6 желтоқсан 2025
Кеңсайдағы өрт: бір отбасы баспанасы мен екі көлігінен айырылды
-
16:30, 6 желтоқсан 2025
Чернобылдағы саркофаг негізгі қауіпсіздік функциясын жоғалтты - МАГАТЭ
-
15:57, 6 желтоқсан 2025
Ақтөбедегі тұзға қатысты жағдай: Сауда министрлігі мәлімдеме жасады





