Бельгияда оқушылар сабақты киіз үйде оқып жүр

12:50, 17 қаңтар 2018

Еуропада киіз үйге сұраныс көп. Бірі қонақ қабылдап, пайда тапса, бірі оны баспана ретінде пайданып келеді. Бұл өз алдына. Бельгиялық оқушылар киіз үйде тіпті білім алып жүр. Жев қаласы Бельгия астанасы Брюссельден 90 шақырым қашықтықта орналасқан. Дәл осы жерде аумағы 50 шаршы метр, диаметрі 8 метр болатын киіз үй тігілген. Ішінде бастауыш сыныптың балғындары білім алып жүр, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Кристин Питонс, мектеп директоры: – Мектебіміз тар болған еді. Сосын ойлана келе, киіз үйге көшейік деген ұсыныс жасадым. Себебі жазда өзім аталған үйді көріп, таңырқаған едім. Өте жайлы әрі көп шығынды қажет етпейді.

Киіз үйге оқушылар сіңісіп кеткен. Мұндайды алғаш көрген бельгиялық балалар бұл жерде өздерін жайлы сезінетіндерін айтады.

Альбо Орси, оқушы: – Ең бастысы бұл жер жылы. Әрі жарық. Ауасы да таза. Ішінен шыққың келмейді.

Эльза Майот, оқушы: – Мұғалімнің айтуынша, мұндай үйде қазақтар тұрған. Бізге бұл таңсық дүние. Бірақ ұнап жатыр.

Бұл киіз үйдің ерекшелігі – бағасы қымбат. Құны – 35 мың еуро. Ішіне пеш орнатылған. Таңсық жерде білім алып жүрген оқушылардың сабаққа деген ынтасы да артқан. Осылай ағынан жарылған бельгиялық мұғалім киіз үйдің пайдасына енді көз жеткізіп жатырғанын айтады.

Авторы: Қорған Төреқожа


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!