Белгілі журналист Дәулет Ізтілеу өмірден өтті
© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі журналист Дәулет Ізтілеудің мезгілсіз өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салалық министрліктің көңіл айту хабарламасы 2026 жылы 12 қаңтарда әлеуметтік желідегі парақшада жарияланды:
"Дәулет Ізтілеу – өз ісіне адалдықты ту еткен, кәсіби мәдениеті жоғары журналист еді. Ол кәсіби жолында "Қазконтент" АҚ-ның e-history порталында, "Елорда инфо" ақпарат агенттігінде тілші болып еңбек етті. 2018 жылдан бастап "Kazinform" халықаралық ақпарат агенттігінде қызмет етіп, қоғам үшін маңызды тақырыптарды талдап, ақпарат кеңістігінде өз қолтаңбасын қалдырды. Ардақты жанның жарқын бейнесі әріптестері мен замандастарының жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!".
Бұған дейін халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі Қайым-Мұнар Табеев дүниеден озғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:47, 12 қаңтар 2026
«2026 жылдың 1 наурызына дейін»: Қазақстан кәсіпкерлері үшін маңызды ақпарат жарияланды
-
20:39, 12 қаңтар 2026
Ержан Бабақұмаровтың өлімі: істің қай сотқа жолданғаны әрі оны кім қарайтыны белгілі болды
-
20:11, 12 қаңтар 2026
Таиландта бортында Қазақстан азаматтары да болған катер теңізге батып кетті
-
19:54, 12 қаңтар 2026
Павлодар облысында жеңіл көлік жүк көлігіне соқтығысып, екі адам қаза тапты
-
19:26, 12 қаңтар 2026
Маңғыстау облысында TikTok арқылы тікелей эфирге шыққан әскери қызметкер айыппұл арқалады





