Бекмамбетовтің фильмі АҚШ прокатында «Аватарды» басып озды

13:23, 27 қаңтар 2026

© Сурет: X/TaquiBox

Режиссер Тимур Бекмамбетовтің "Казнить нельзя помиловать" атты фантастикалық экшн-фильмі АҚШ прокатында алғашқы демалыс күндерінде 11,2 млн доллар жинап, бес апта бойы көш бастаған "Аватар: Пламя и пепел" фильмін басып озды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Variety басылымының жазуынша, сюжет бойынша детектив өз әйелін өлтірді деген айыппен сот алдында жауап береді. Ал, оның тағдырын жасанды интеллект негізіндегі судья шешуі тиіс.

Қаңтар айы бойы прокатта көш бастаған "Аватар" франшизасының үшінші бөлімі бұл жолы екінші орынға сырғып, демалыс күндері 7 млн доллар жинаған.

Алайда Бекмамбетовтің фильмі халықаралық прокатта айтарлықтай табысқа жете алмады: шетелдік нарықта бар болғаны 11,6 млн доллар жинап, жалпы әлемдік табысы 22,8 млн долларды құрады. Картина көрермендер мен сыншылар тарапынан жоғары баға алған жоқ. CinemaScore платформасында фильмнің орташа бағасы – B, ал Rotten Tomatoes сайтында небәрі 17% ғана жинады.

Бұған дейін қазақстандық кинотеатрлардың негізсіз пайда тапты деген айыпқа іліккенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!