«Бәйтерек» холдингі қызметкерлері «Донор күнінде» шамамен 30 литр қан тапсырды
© Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ қызметкерлері дәстүрлі "Донор күні" аясында шамамен 30 литр қан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ ұйымдастырған биылғы "Донор күні" қайырымдылық акциясына холдингтің және оның еншілес ұйымдарының 116 қызметкері қатысты. Барлық қажетті медициналық процедуралардан өткеннен кейін олардың 73-і донор атанып, соның арқасында 30 литрге жуық донорлық қан тапсырылды. Акцияның негізгі мақсаты – қызметкерлер мен қоғам арасында донорлықты насихаттау, донорлық қан мен оның компоненттерінің қорын ұлғайту, сондай-ақ қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға белсенді түрде қолдау көрсету.

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
Мұндай акция "Бәйтерек" холдингінде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді және қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін паш етіп, қоғам өміріндегі белсенділіктерін де растайтын жақсы дәстүрге айналды.

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
"Біз осы бір тамаша идеяны белсенді қолдап, оның бір бөлігіне айнала білген ұжымымызды мақтан тұтамыз. Донорлықты насихаттау – салауатты және әлеуметтік белсенді қоғам құруға жасалған қадам. Бүгінгі іс-шара осындай маңызды құндылықтарға деген адалдығымызды көрсетеді", - деп атап өтті холдингтегілер.

Сурет: "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





