Базалық мөлшерлеменің төмендеуі несие мен депозитке қалай әсер етеді
© Фото: freepik
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 24 шілдеде өткен брифингте базалық мөлшерлеменің төмендеуінің экономикаға әсері туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бұл шешімнің ықпалы бірден байқалмайды.
"Базалық мөлшерлеме – экономикадағы ақша құнына әсер ететін маңызды макроэкономикалық құрал. Ол несиелер мен депозиттердің мөлшерлемесіне, мемлекеттік борыштың құнына, ақша нарығындағы жағдайға және басқа да көрсеткіштерге ықпал етеді. Сондықтан оның әсері уақыт өте келе байқалады. Бүгін мөлшерлемені өзгертіп, ертең барлық көрсеткіш бірден қайта есептеледі деуге болмайды", – деді Тимур Сүлейменов.
Ол нақты нәтиже бірнеше айдан кейін ғана көрінуі мүмкін екенін атап өтті.
"Әсер ету мерзімі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, нарықтық ипотека туралы айтсақ, бұл көбіне екінші деңгейлі банктердің базалық мөлшерлеменің өзгеруіне қаншалықты жылдам әрекет ететініне байланысты. Бірақ бұл бір-екі айдың ішінде болмайды. Әдетте әсері үш айдан алты айға дейінгі аралықта байқалады", – деді Ұлттық банк төрағасы.
Еске салайық, бұған дейін Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің майнинг қызметінен түсетін табыстың бір бөлігін қалай пайдалануды жоспарлап отырғаны туралы айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:34, 24 шілде 2026
Астанада ер адам бұрын өзі күзеткен нысаннан 21 млн теңгенің кабелін ұрлаған
-
17:20, 24 шілде 2026
ҰҚК ректор әрі депутат Серғалиевтің ұсталғанын растады
-
17:11, 24 шілде 2026
Қазақстан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алды
-
17:06, 24 шілде 2026
Алматыда Құлжа тасжолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі
-
17:02, 24 шілде 2026
Алматы өңіріндегі өзендерде сел жүруі мүмкін: мамандардың дайындығы қандай





