Астанада ер адам бұрын өзі күзеткен нысаннан 21 млн теңгенің кабелін ұрлаған
© Сурет: видео скрині
31 жастағы тұрғын кезінде өзі күзетші болып жұмыс істеген нысаннан миллиондаған теңгенің электр кабелін ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу мәліметінше, ер адам нысанның аумағына еркін кіріп, электр кабелін жасырын түрде алып кеткен. Ұрланған мүліктің жалпы құны 21 миллион теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, ол қолға түсті. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Анықталғандай, ол нысанның құрылымын, күзет жүйесін және материалдық құндылықтардың орналасуын жақсы білген. Осыны пайдаланып, қылмысқа барған.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:44, 24 шілде 2026
Қазақстанда бір күнде төрт орман өрті тіркелді
-
18:33, 24 шілде 2026
+42°C ыстық және нөсер жаңбыр: Қазақстанда сенбі күні ауа райы қандай болады
-
18:12, 24 шілде 2026
Құламбаева WTA 250 турнирлерінде екінші апта қатарынан жартылай финалға шықты
-
18:04, 24 шілде 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 25 және 26 шілде
-
17:43, 24 шілде 2026
Жаңбырдан кейін аптап ыстық: Алматыда шілденің соңғы аптасында ауа райы қандай болады





