Алматыда Құлжа тасжолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі
© Фото: zakon.kz
Құлжа тасжолының бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде 08:00-ге дейін Бұқтырма көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта жол жабынын орташа жөндеу аясында асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеуге байланысты реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.
"Көлік жүргізушілерінен уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды, уақытша жол белгілері мен жылдамдық режимінің талаптарын сақтауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жөнделетін учаскеде мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар ескерту белгілері мен тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлаған жөн.
Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және "Яндекс карталар" сервисінде жарияланып отырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:33, 24 шілде 2026
+42°C ыстық және нөсер жаңбыр: Қазақстанда сенбі күні ауа райы қандай болады
-
18:12, 24 шілде 2026
Құламбаева WTA 250 турнирлерінде екінші апта қатарынан жартылай финалға шықты
-
18:04, 24 шілде 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 25 және 26 шілде
-
17:43, 24 шілде 2026
Жаңбырдан кейін аптап ыстық: Алматыда шілденің соңғы аптасында ауа райы қандай болады
-
17:34, 24 шілде 2026
Астанада ер адам бұрын өзі күзеткен нысаннан 21 млн теңгенің кабелін ұрлаған





