Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға үндеу жасады
© Сурет: instagram/bayanmaxatkyzy
Танымал қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова "Қыз Жібек" фильміндегі аңызға айналған камзолға қатысты дауға пікір білдіріп, басты рөлді сомдаған Меруерт Өтекешоваға ерекше ұсыныс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өзінің ресми үндеуінде Баян Алагөзова атышулы камзолды қайта киіп шығып, оның қайдан келгені мен алдағы тағдыры туралы түсініктеме берді.
"Менің айтпағым, қазір бұл камзол менің қолымда, қауіпсіз жерде сақтаулы тұр. Оны маған осы уақытқа дейін сақтап келген әйел сыйға тартты. Бұл камзолдың тағдырын халық пен тиісті органдар шешеді, бірақ әзірге ол менде. Әрине, ерте ме, кеш пе, мен бұл ұлттық құндылықты музейге тапсырамын", – деді ол.
Продюсер сөзінің бір бөлігін Меруерт Өтекешоваға арнап, оны қазақ киносының аңызы ретінде құрметтейтінін жеткізді.
"Сіз – мәңгілік Қыз Жібексіз, қазақ қызының мәңгілік символысыз. Құрметті Меруерт апай, мен сізге өзімнің шағын сыйлығымды – тонды табыстағым келеді, ұнайды деген үміттемін. Сонымен қатар, өз атымнан және жолдасымның атынан алғыс ретінде сізге өмір бойы ай сайын 1 млн теңге сыйлық тағайындағым келеді", – деді Баян Алагөзова.
Бұған дейін Алагөзова отандық кинематография тарихындағы бірегей жәдігер – "Қыз Жібек" фильміндегі басты кейіпкердің қызғылт камзолының иесі атанғаны хабарланған еді. Кейін бұл жағдай қоғамда қызу талқыға түсіп, Мәдениет министрлігі де пікір білдірген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:39, 28 сәуір 2026
Шымкентте қауіпті маневр жасап, дрифт ұйымдастырған жүргізуші жазаланды
-
22:17, 28 сәуір 2026
Абай облысындағы шахтада болған апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
-
21:54, 28 сәуір 2026
Алматы облысында ер адам мас күйде туған әкесін өлтірді
-
21:38, 28 сәуір 2026
Қарағандыда жарты миллион теңгенің мопедін ұрлап кеткен жасөспірім ұсталды
-
21:17, 28 сәуір 2026
Алматыда кафе саябақтың бір бөлігін жазғы террасаға айналдырған





