«Бауырлар, солдаттар, менің артымнан!»: Кеңес одағының батыр қызы Әлия Молдағұлованың ерліктері

© Сурет: Zakon.kz
Биыл Әлия Молдағұлованың дүниеге келгеніне 100 жыл. Осыған орай Zakon.kz тілшісі Кеңес Одағының батыр қызының өмір жолы жайлы ақпарат дайындады.
Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы Бұлақ ауылында дүниеге келген. Оның тағдыры балалық шағынан-ақ қиын-қыстау күндерге толы болды. Ерте жасынан тірі жетім атанып, ағасы Әбубәкір Молдағұловтың тәрбиесінде өседі. Ол қызды орыс тілінде оқытып, мектепке түсіреді.
Әлия 10-ға толғанда оның ағасын Мәскеуге оқуға жібереді. Өз кезегінде Молдағұлов өзінің отбасы мен жиенін де ерте кетеді. Бірнеше жылдан кейін Ленинградқа көшіп, Нева қаласында Молдағұловтарға коммуналдық пәтер берілді, ал Әлияны №46 мектеп-интернатқа орналастырады.
Соғыс басталған – 1941 жылдың маусымында Әбубәкір Молдағұлов Ташкентте тәжірибеден өтіп жатқан еді. Ол хабарды естісімен Ленинградқа екі телеграмма жіберді: біріншісін – отбасына (Қазақстанға көшуге шақырып), екіншісін – жақын досына (Отбасын көшірісуге және жиені Әлияны қауіпсіз жерге орналастыруға көмек сұрап). Алайда, Әлия туған қаласындай болып кеткен Ленинградты тастап кетпейтінін айтқан.
Осылайша, 1942 жылы наурызда Әлия оқыған интернатты Ладож көлінің мұзы арқылы алдыңғы шепке эвакуациялады. Сол жылдың мамырында Әлия Ярослав облысындағы Вятск ауылында 7-сыныпты тәмамдады. Жазда Молдағұлова Рыбинск авиациялық техникумына оқуға түсіп, онда "металдардың суық өңдеу" мамандығын оқыды.

Сурет: wikimedia
1942 жылы Кеңес Одағында мергендерді көптеп дайындау басталды. Бұл туралы естіген Әлия дереу әскери комиссариатқа барып, сұраныс білдірді. Сол жылдың желтоқсанында оны Мәскеу облысында орналасқан жаңа ашылған әйелдер мергендер мектебіне қабылдады.
Әскери антты Әлия Нұрмұхамбетовна 1943 жылдың 23 ақпанында қабылдаған, ал мергендік куәлігін ол 1943 жылдың шілде айында алды. Оқудағы жетістіктері үшін оны атқыш винтовкасымен марапаттап, оған "ЦК ВЛКСМ-нен дәл ату үшін" деген жазуы бар гравировка салынып берілді. Бір айдан кейін бұл қарумен ол Солтүстік-Батыс майданына, 22-ші армияның 54-ші атқыштар бригадасына жіберілді.
Ол жерде оны 4-ші батальонның мергені етіп тағайындады. Алғашқы екі айдың ішінде Қазақ ССР-інің нәзік мергені 30-дан астам жауды жойды. Қыздың ерлігімен қатар, айлакерлігі де көпке танымал болды.
"Біз, мергендер, тапсырмаларды жұппен орындайтын едік, бізде алдын ала дайындалған позициялар болатын. Сол жерде біз жауды бақылап, оларды атып тастамайынша, отыра беретінбіз. Бұл уақыттарда бізге жаудың снарядтары мен миналары түсе бастайтын. Әлия осындай сәттерде ерекше батылдық танытатын. Ол тек фашистерді ғана жеңіп қоймай, жараланғандарды ұрыс алаңынан алып шығып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсететін", – деп еске алған оның қызметтесі Наталья Матвеева.
1944 жылдың 14 қаңтары Әлияның батальонына Новосокольники–Дно теміржолын бұзып, Казачиха ауылын алу міндеті қойылған еді.
Бұл шайқаста рота командирі қаза тапқан кезде,Әлия Молдағұлова жауынгерлерді: "Бауырлар, солдаттар, менің артымнан!" деп ұран тастап алға сүйреді. Сол күні ол жеке өзі ондаған фашисті жойды. Ұрыс барысында ауыр жарақаттанып, қаза тапты.
1944 жылдың маусымында Әлия Молдағұлова өзінің әскери ерлігі үшін, қайтыс болғаннан кейін, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болып, Ленин орденімен марапатталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:11, 18 мамыр 2025
Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқан жоқ - Антикор
-
17:46, 18 мамыр 2025
Іле Алатауында Фурманов шыңына шығып алған туристер эвакуацияланды
-
17:38, 18 мамыр 2025
Үлкен Алматы айналма жолында тоқтаған екі жүргізушіге 98 мың теңге айыппұл салынды
-
16:44, 18 мамыр 2025
Мысырда әуежайда болған қайғылы оқиға: зардап шеккен қазақстандықтардың саны артты
-
16:15, 18 мамыр 2025
Семейде қоқыс полигоны өртеніп жатыр