Батыс Қазақстан облысының үздік әулеті республикалық кезеңге жолдама алды
© Сурет: БҚО әкімдігі баспасөз қызметі
Ақжайық өңірінде дәстүрге айналған "Мерейлі отбасы – 2025" ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған шара биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды.
Облыс бойынша байқауға 100-ден астам өтінім түскен. Іріктеу нәтижесінде Орал қаласы мен 12 ауданнан 21 отбасы облыстық кезеңге жолдама алып, өнегелі дәстүр мен берекелі шаңырақтың үлгісін көрсетті.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев байқау қатысушыларын құттықтап, отбасы құндылықтарын дәріптеудің қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Сурет: БҚО әкімдігі баспасөз қызметі
Қайыржан Ермекұлы өз сөзінде Мемлекет басшысының "Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды" деген сөзін тілге тиек етіп, "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және отбасылық құндылықтарды нығайтуда маңызы ерекше екендігіне тоқталды.
Байқауда белсенділік танытқан барлық отбасылар отбасылар алғысхаттармен марапатталды.

Сурет: БҚО әкімдігі баспасөз қызметі
Жеңімпаз атанған Сүйінғараевтар отбасын 88 жастағы ақсақал Мұратбай Ықыласұлы бастап келді.
"Осыншама жасқа келгенде, мерейімізді асырған іс-шара болды. Біз 10 бала тәрбиелеп өсірдік, 20 немере-жиен, 20 шөбереміз бар. Ержеткендерінің бәрінің жоғары білімі бар, тіпті кейбіреулері қос мамандықты меңгерген. Қазақстандағы миллиондаған отбасының біріміз. Менің айтарым, жастар кешірімді болуы керек. Бірінің айтқанын екіншісі тыңдауы қажет. "Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды" деген, егер татулық орнамаса, ол отбасы ұзаққа бармайды. Отбасы бақытты болса, ел де бақытты болады. Еліміздің береке-бірлігі арта берсін",- деді Мұратбай қария.
Конкурс қорытындысында үздік танылып, республикалық кезеңге жолдама алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да қарлы боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:35, 15 желтоқсан 2025
«Қатып өлген». БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда
-
19:56, 15 желтоқсан 2025
70-тен астам науқасқа АИТВ мен гепатит жұқтырған медбике сотталды
-
19:45, 15 желтоқсан 2025
Берлиндегі АҚШ пен Украина келіссөздерінің қорытындысы жария болды





