«Басына пакет кигізіп алып шыққан»: Алматыда пәтеріне бола ер адамды өлтірген

12:23, 12 қазан 2026
MKZ: 1571822

© Фото: Zakon.kz

Жуырда Қазнетте тұрғын үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған үрейлі кадрлар тарады. Видеода ес-түссіз жатқан ер адамды басына пакет кигізіп, сыртқа алып шығып бара жатқаны көрінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоғалып кеткен ер адамның пәтері сатылғанын білген көршілері дабыл қағып, полицияға арызданған.

Бүгін, 2026 жылғы 12 қазанда, Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі ер адамның өлтірілгенін мәлімдеді. Полиция төрт күдіктіні ұстады.

"Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы, күдіктілердің жеке басы және олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге ықтимал қатысы анықталды", – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктілердің төртеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір істі Ішкі істер министрлігінің ең тәжірибелі қызметкерлерінен құрылған арнайы тергеу-жедел тобы тергеп жатыр. Тергеу барысы ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін Перуде жалдамалы кісі өлтірушінің 48 жастағы мототакси жүргізушісін өз қыздарының көзінше аяусыз атып өлтіргені туралы жазған едік. Қанды оқиға жергілікті қылмыскерлердің қорқытып, ақша бопсалауымен байланысты болған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!