Дастан Сәтбаев қазақстандықтарға үндеу жариялады

12:54, 12 қазан 2026
MKZ: 1571836

© Сурет: instagram/d.satpayev

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев жарақатынан кейін алаңға оралып, отандастарына үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

18 жастағы шабуылшы Instagram парақшасында қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтып, жазба жариялады.

"Қолдауларыңыз үшін рақмет, қазақстандықтар! Алға, "Бернли"! Біз алға қарай жылжи береміз", – деп жазды Дастан Сәтбаев 2026 жылғы 11 қазанда.

Пікір қалдырған қазақстандықтар жарақатынан кейін алғаш рет Чемпионшиптің тоғызыншы турында "Уотфордқа" қарсы қонақтағы матчта "Бернли" сапында алаңға шыққан футболшыға қолдау білдірді.

  • "Дастан, мойыма!"
  • Жарайсың!
  • Бүкіл ел саған жанкүйер болып отыр!
  • Алға, Қазақстан!
  • Лондондағы келесі матчтарыңда да Дастанды қолдаймыз.
  • Денсаулығыңды күт, алда әлі қызықтың бәрі бар. Дастан, сен үздіксің!
  • Ойыныңды жалғастырып, туған жеріңді ұмытпа.

2026 жылғы 2 қыркүйекте Чемпионшиптің төртінші турындағы өз алаңында өткен матчта "Бернли" "Мидлсбромен" 1:1 есебімен тең түсті. Дастан Сәтбаев негізгі құрамда алаңға шығып, 81 минут ойнады. Кейін аяғын жарақаттап алып, ауыстыруды сұрады. Осыдан соң "Бернли" шабуылшының жарақатына байланысты бірнеше апта бойы ойындарға қатыса алмайтынын хабарлады.

2026 жылғы 8 қазанда Дастан Сәтбаевтың жарақатынан кейін алаңға оралып, "Бернли" сапында жаттығуды қайта бастағаны белгілі болды. Ал 10 қазанда шабуылшы командаластарымен бірге қонақта "Уотфордты" 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Матчтың тағдыры бірінші таймда-ақ шешілді: қонақтар қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соқты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!