11 матчтың 11-інде де жеңіске жетті: қазақстандық оқушылар робототехникадан әлем чемпионатында топ жарды

13:08, 12 қазан 2026
MKZ: 1571834

© Сурет: Telegram/oqu_agartu

Қазақстан құрамасы Корея Республикасының Инчхон қаласында өткен FIRST Global Challenge 2026 халықаралық спорттық робототехника чемпионатының әлемдік рейтингінде үздік төрт команданың қатарына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа әлемнің 185 елінен командалар қатысты.

"Қазақстандық оқушылар іріктеу кезеңіндегі 11 матчтың барлығында жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жарыс қорытындысы бойынша құрама әлемдік рейтингте төртінші орынға ие болып, инженерлік даярлығы мен командалық жұмысының жоғары деңгейін көрсетті", – деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 12 қазанда.
қазақстандық оқушылар робототехникадан әлем чемпионатында топ жарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 13:08

Сурет: Telegram/oqu_agartu

Айта кетейік, бұған дейінгі төрт жыл қатарынан Қазақстан құрамасы FIRST Global Challenge чемпионатының жеңімпазы атанған.

қазақстандық оқушылар робототехникадан әлем чемпионатында топ жарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2026 13:08

Сурет: Telegram/oqu_agartu

Оқу-ағарту министрлігінің атап өтуінше, биылғы нәтиже де отандық оқушылардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұлттық құрама сапына Алматы қаласындағы М. Ганди атындағы №92 мектеп-лицейдің 9–11-сыныптарында оқитын төрт оқушы – Хусейн Мақсұт, Нұртас Серік, Аспандияр Бердали және Арнур Абдулла, сондай-ақ Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияның оқушысы Ерасыл Ендібай енді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!