Бас прокуратура: Самат Әбіш Қазақстанда жүр
© Сурет: ҚР ҰҚК
Самат Әбіштің қайда екені белгілі болды. Бас прокуратураның мәліметінше, ол Қазақстанда жүр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Самат Әбішке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп мәлімдеді ҚР Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.
"Самат Әбіш бүгінгі таңда Қазақстанда, оған ешқайда кетпеу жөніндегі қолхат табысталған. Оған қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Дархан Дүйсембай.
Айта кетсек, 19 қыркүйекте Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. ҚР Бас прокуратураның мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғалары" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
2023 жылы 5 қаңтарда Бас прокуратура Самат Әбіштің қаңтар айындағы оқиғаларға қатысты істе куәгер ретінде өтіп жатқанын хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





