«Барыс» клубы құрамынан бірқатар шетелдік ойыншы кетті
© Сурет: hcbarys.kz
Елордалық "Барыс" клубы құрамынан бірқатар шетелдік ойыншы кетті. Бұл туралы ақпаратты команданың баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Барыс" командасы басшылығы қорғаушы Натан Больё мен Уилл Бутчерм және шабуылшы Майкл Маклаудпен арада жасалған келісімшарттың күшін жойды. Үш хоккейші де команда құрамына жаз мезгілінде келіп қосылған болатын.
Құрлықтық хоккей лигасында Натан Больё 8 ойында бір нәтижелі паспен көзге түссе, Уилл Бутчердің 15 ойында 3 нәтижелі пасты тіркеді.
Ал Майкл Маклауд 16 кездесуде 3 мәрте гол соқса, 3 мәрте әріптестеріне нәтижелі пас шығара білген.
Айта кетсек, бұдан бұрын елордалық клуб ресейлік Даниил Апальков және беларусьтік Владислав Кодоламен келісімшарт бұзылғанын хабарлады.
Айта кетсек, 17 қазанда "Барыс" хоккей командасының бас директоры болып Нұрлан Оразбаев тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 18 қазан 2024
Астанада элиталы тұрғын үй кешені маңынан бойжеткеннің денесі табылды
-
22:43, 18 қазан 2024
Алматыда салтанатты мейрамхана отқа оранды
-
22:38, 18 қазан 2024
Ресей Қазақстаннан тасымалданатын гүлдерге шектеу қойды
-
22:08, 18 қазан 2024
Түркістан облысында өткізу бекеттеріндегі көлік кептелісіне не түрткі болғаны белгілі болды
-
21:50, 18 қазан 2024
Теміртауда ашық жатқан құдыққа түсіп кеткен ит құтқарылды