Банк дағдарысы: Парагвайдың бұрынғы президенті қамауға алынды
© Сурет: Instagram/santipenapy
Парагвайдың бұрынғы президенті Сантьяго Пеньяны қамауға алу туралы сот шешімі шықты. Бұған дейін оған қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
DW басылымының мәліметінше, елдегі банк дағдарысына байланысты қозғалған қылмыстық істің тергеу шаралары барысында саясаткер қамауға алынды.
"Оның елде қалғанын қамтамасыз ету қажет", – деді судья Умберто Отазу.
Сонымен қатар прокуратура Пеньяның, сондай-ақ осыған ұқсас айыптар тағылған Парагвай Орталық банкінің бұрынғы басшысы Карлос Карвальоның активтерін бұғаттауды талап етті.
Пеньяның сотта жауап беруден бас тартқаны белгілі.
Айта кетсек, 3 қарашада Парагвайдың цифрлық Ueno Bank клиенттері шоттарындағы ақшасын шеше алмай немесе аударым жасай алмай қалған. Аталған банк қызметін ел халқының шамамен 3 миллион тұрғыны немесе 60%-ы пайдаланып келген. Активтері мен депозиттері бойынша Ueno тамыз айының соңында елдегі алтыншы орынды иеленді. Депозиттік шоттарда шамамен 2,86 миллиард доллар жатқан. Moody’s бағалауы бойынша, қыркүйек айының соңында Ueno үлесіне Парагвай банктік жүйесінің барлық депозиттерінің 9%-ы және несиелерінің 8%-ы тиесілі болды. Қаржылық есепке үңілсек, жазда Ueno көрсеткіштері аса алаңдайтындай болмаған. Маусым айының соңында банкте мерзімі өткен несиелер көрсеткіші 0,59% және 14,52% деңгейінде капиталдың жеткіліктілігін көрсетті. Күзде реттеуші орган бұл есепті қайта қарауды талап етті. Түзетулерден кейін капиталдың жеткіліктілігі небәрі 5,56%-ды құрады. 2 қарашада Парагвайдың орталық банкі Ueno-ны тікелей басқаруға алу туралы шешім қабылдады. Прокуратураның нұсқасы бойынша, 2025–2026 жылдары Ueno акционерлермен байланысты компанияларға ірі займдар берген. Мұны байланысты тараптарға берілген несиелер деп атайды. Кейбіреулері қаражатты ұзақмерзімге бір ғана қол қоюмен, кепілсіз және олардың қарызды қандай кіріс есебінен қайтаратынын дұрыс тексерместен алған. 27 адамға айып тағылды. Парагвайда салымдарды кепілдендіру деген бар, орталық банктің алдын ала бағалауы бойынша, бұл Ueno салымшыларының шамамен 97%-ының салымдарын толығымен жабуға жеткілікті болады. 7 қарашаға қарай шамамен 1,2 миллион тұтынушы төлем алды. Алайда бұл уақытта мәселе саяси реңке ұласып үлгерді. Адамдар көшеге шықты. Олар жинақ ақшаға қолжетімділікті қамтамасыз етуді және қадағалауға кім жауапты болғанын анықтауды талап етті. Бұрын Ueno-мен байланысты топта үлесі болған президент Сантьяго Пеньяның алдына да мәселе қойылды. Ол бұл реттегі заңбұзушылықтарды жоққа шығарды. 5 қарашада Пенья отставкаға кетті, бірақ Конгресс оны қабылдамады. Келесі күні Сенат оны импичмент тәртібімен бірауыздан қызметтен шеттетті. Президент болып вице-президент Педро Альяна сайланды.
Бұған дейін Binance биржасына хакерлік шабуыл жасалып, 6 млрд доллардың жоғалғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:40, 8 қараша 2026
Отандық ауыр атлет әлем чемпионатында алтыншы орын иеленді
-
15:29, 8 қараша 2026
«Барыс» тоғыз матчтан тұратын сырт алаңдағы ойындарын аяқтады
-
15:21, 8 қараша 2026
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде үздік бестіктің қатарынан көрінді
-
14:28, 8 қараша 2026
Қызылордада жоғалып кеткен алты жасар қыз аман-есен табылды
-
14:20, 8 қараша 2026
Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы





