Балкон қоршауында ілулі тұрды: Астанада баланы құтқарған оқушы марапатталды

© Сурет: Астана ТЖД баспасөз қызметі
23 мамырда Астанада ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтың бұйрығына сәйкес құтқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін №31 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана ТЖД бастығы Марат Күлдіков Ақан Әкімжанов пен оның ата-анасын ҚР ТЖ Министрінің алғыс хаттарымен марапаттап, мектеп жиналысында бағалы сыйлықтар табыс етті.

Сурет: Астана ТЖД баспасөз қызметі
"Ақанның ерлігі арқылы адам өмірі сақталды. Әр азамат өзінің батылдығы мен өжеттілігін көрсете отырып, қиын сәтте көмекке келе алса, онда ол нағыз құтқарушы. Осындай баланы тәрбиелеген ата-аналар мен мектеп ұжымына рахмет", - деп атап өтті қалалық ТЖД бастығы Марат Күлдіков.
Естеріңізге сала кетейік, 20 мамырда Астанадағы көпқабатты үйлердің ауласында жүргенде ол 4-қабаттағы балкон қоршауында ілулі тұрған баланы көріп, көмекке асықты. Ол 4-қабатқа жедел көтеріліп, 5 жасар баланы батыл әрекетімен құтқарып, болуы мүмкін қайғылы жағдайдың алдын алды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:09, 27 наурыз 2025
Шығыс Қазақстан облысында жас жұбайларды өлтіріп кетті
-
21:46, 27 наурыз 2025
Алматы облысында мектеп түлегі ҰБТ-дан 140 балл жинады
-
21:06, 27 наурыз 2025
Түркістан облысында үйінде есірткі өндіретін фитозертхана ұйымдастырған күдікті ұсталды
-
20:40, 27 наурыз 2025
Таразда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
-
20:18, 27 наурыз 2025
Әйелдер күресінен Азия чемпионатында үш қазақстандық балуан қола медаль үшін бақ сынайды