«Балаңыз дуаланған»: полиция алаяқтардың жаңа тәсілін әшкереледі
© Фото: Zakon.kz
Полиция қазақстандықтарды қырағы болуға және алаяқтықтың жаңа түрінен сақтануға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Интернетте өзін "емші", "көріпкел" немесе "балгер" ретінде таныстыратын алаяқтар азаматтарға "балаңызға қатты дуа жасалған" деп айтып, ақшаға "емдеуді және дуаны қайтаруды" ұсынатын жағдайлар жиілеп кетті. Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен жақындары үшін алаңдайтынын пайдаланады", – деп хабарлады ІІМ.
- Әдетте олар азаматтармен әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы байланысып, түрлі "белгілер" туралы айтып, жағдайдың өте күрделі екеніне сендіреді.
- Осыдан кейін "ем жүргізу", "дуаны қайтару" немесе "қажетті заттарды сатып алу" деген сылтаумен ақша аударуды сұрайды.
- Осыған байланысты полиция азаматтарға белгісіз адамдардың интернеттегі "емдеу", "дуаны қайтару" немесе "көз тиюден арылту" туралы уәделеріне сенбеуге шақырды.
- Сондай-ақ бейтаныс адамдардың шотына ақша аудармау, жеке деректерді, банк картасының реквизиттері мен SMS арқылы келетін кодтарды ешкімге айтпау қажет.
Полиция қорқыныш пен үрейге бой алдырмай, алынған ақпаратты бірнеше дереккөз арқылы тексеруге кеңес береді. Егер күмәнді жағдайға тап болсаңыз, хат алмасуды және ақша аударғаныңызды растайтын түбіртектерді сақтап қою керек.
"Есте сақтаңыз: алаяқтар адамдардың сенімін, қорқынышын және жақындары үшін алаңдайтынын пайдаланады. "Дуалау", "көз тию", "сиқыршылық" және осыған ұқсас сылтаулармен ақша талап ету алаяқтықтың бір тәсілі болуы мүмкін", – деп ескертті ІІМ.
Осындай жолмен ақша талап еткен азаматтарға және алаяқтардың құрбаны болған адамдарға полиция дереу 102 нөміріне хабарласуға кеңес береді.
3 қыркүйекте Ақтөбе тұрғыны жалған хабарландырулар арқылы адамдарға жоқ пәтерлерді жалға беріп, қомақты ақша тапқаны туралы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:42, 4 қыркүйек 2026
Ұлттық қордан алынбақ 5 трлн теңге балаларға төленетін төлем көлеміне кері әсер етіп жүрмей ме
-
17:33, 4 қыркүйек 2026
Базалық сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуі: енді несие пайыздары арзандайды ма?
-
17:20, 4 қыркүйек 2026
Ұлттық банк инфляция көрсеткішінің төмендеуіне қандай факторлар ықпал еткенін айтты
-
17:03, 4 қыркүйек 2026
Ломбардтар мен МҚҰ: Қазақстанда берілетін микрокредиттердің жартысынан көбін бизнес алады
-
16:57, 4 қыркүйек 2026
Тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтар мен қандастарды есепке қою қағидалары жаңартылды





