Купе жыры: Қазақстанда пойыз билеттері саудасының жүйесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін
© Фото: zakon.kz
Қазақстанда пойыз билеттері саудасының жаңа жүйесі зерттеліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 2 қыркүйекте baby27alien лақап атымен тіркелген әлеуметтік желі қолданушысы Threads желісінде мынандай жазба жариялады:
"Түркияда бірге сатып алмаса, ер адамдар мен әйелдерге бір купенің теміржол билеттері сатылмайды екен. Егер бірінші болып ер адам билет сатып алса, оның купесіне тек ер адамдар жіберіледі немесе керісінше".
Осыған байланысты ол "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ға мынандай сауалмен жүгінді:
"Неге бізде де осылай жасамасқа, өтініш".
Ұлттық компания өкілдері оған 3 қыркүйекте жауап бере отырып:
"Бұл жүйе қазірдің өзінде біздің мамандар тарапынан зерттеліп жатыр. Содан кейін оны енгізу мәселесі қарастырылады", – деді ҚТЖ өкілдері.
Сондай-ақ құзырлы мекеме жазба авторына қазіргі уақытта ұлттық тасымалдаушы негізгі бағыттар бойынша "әйелдер вагоны" қызметін енгізгенін еске салды.
Бұған дейін FlyArystan ұшағынан қарт адамның неге түсірілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:06, 16 қазан 2026
Тоқаев Алматыда Биоалуантүрлілік жөніндегі конвенция Хатшылығының өңірлік кеңсесін ашуды ұсынды
-
16:04, 16 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік серіктестерді сирек түрлерді қорғау қорын құру бастамасын қолдауға шақырды
-
16:01, 16 қазан 2026
Қазақстан президенті: Каспий теңізінің Арал тағдырын қайталауына жол бермеуіміз қажет
-
15:58, 16 қазан 2026
Тоқаев: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеологияға айналып келеді
-
15:50, 16 қазан 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев су тапшылығы мен жердің тозуының ауыр салдарына назар аударды





