Ұлдананың өлімі: ғимаратты салған компания директоры неге жауапқа тартылмайтын болды
© Фото: zakon.kz
2026 жылғы 3 қыркүйекте сотта прокурор Нұрдәулет Әбуов фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс материалдарымен таныстырды. Бұл ретте ол құрылыс компаниясының директорын күдікті деп танудан не үшін бас тартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның мәліметінше, іс материалдары арасында 2026 жылғы 19 шілдедегі Астана қалалық ПД тергеушісінің Мұса Омарұлы Гойковты күдікті ретінде тану туралы қаулысы бар. Алайда аталған адамды күдікті деп тану туралы қаулыны мойындаудан бас тартылған.
"Қалалық прокуратурамен мынадай жағдай анықталды: полиция департаментінің тергеу басқармасы 2005 жылғы 2 ақпанда пайдалануға берілген, Тәуелсіздік көшесі, 24Б мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің сапасыз құрылысы дерегі бойынша 1944 жылы туған "Гражданстрой" ЖШС-нің бұрынғы директоры Мұса Омарұлы Гойковты күдікті деп таныған. ҚР Азаматтық кодексінің 665-бабының 1-тармағына сәйкес, құрылыс мердігері, егер құрылыс мердігерлігі шартында нақтылық болмаса, объектінің жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген көрсеткіштерге қол жеткізуге, сондай-ақ объектінің кепілдік мерзімі ішінде пайдаланылуы ықтималдылығына кепілдік береді. Кепілдік мерзімі, егер заң актілерінде немесе құрылыс мердігерлігі шартында өзге мерзім белгіленбесе, тапсырыс беруші объектіні қабылдаған күннен бастап 10 жылды құрайды", – деді прокурор.
Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары аталған құрылыс объектісі бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың орналасқан жерін анықтамаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 22 мамырдағы сот құрылыс-техникалық сараптамасының қорытындысымен бұзушылықтар немесе жобалау-сметалық құжаттаманың жоқтығы анықталды деп дәйекті түрде айту мүмкін емес.
"Демек, объектіні салу кезінде жіберілген бұзушылықтардың бары туралы тұжырымдар расталмады. Мұндай мән-жайлар кезінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қылмыстық процесс қағидаттарына қайшы келе отырып, қылмыстық істің барлық мән-жайын жан-жақты, толыққанды және объективті зерттеуді қамтамасыз етпей, "Гражданстрой" ЖШС-нің бұрынғы директоры Мұса Омарұлы Гойковты мезгілсіз күдікті деп таныды. Айта кету керек, объектіні 2005 жылы пайдалануға беру кезінде ҚР қылмыстық заңнамасында абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеліп соққан сапасыз құрылыс үшін жауаптылықты көздейтін бап бойынша қылмыстық жауапкершілік болмаған. Аталған мән-жайлар да құқықтық бағалауға жатады. Осы айтылғандардың негізінде, 2026 жылғы 19 шілдедегі Мұса Омарұлы Гойковты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша күдікті деп тану туралы қаулымен келсуден бас тартылсын", – деді Әбуов.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:46, 3 қыркүйек 2026
Мемлекет басшысы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
-
18:45, 3 қыркүйек 2026
Алматы облысында 30 қыркүйекке дейін жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді
-
18:24, 3 қыркүйек 2026
Мойынты – Қызылжар. Елімізде жаңа теміржол құрылысының маңызды кезеңі аяқталды
-
18:14, 3 қыркүйек 2026
Синоптиктер 4 қыркүйекте үсік жүретін өңірлерді атады
-
17:48, 3 қыркүйек 2026
Астанада пәтерінде есірткі сақтады деген күдікпен ер адам мен әйел ұсталды





