Баландин мен Құрбанов ЮНЕСКО-ның семинарына қатысты
© Сурет: olympic.kz
1 қараша күні Алматыда Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі тақырыбына арналған семинар өтті. Іс-шараны ЮНЕСКО Ұлттық Олимпиада комитетінің қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы семинар өткізілген алтыншы қала болды. Бұған дейін мұндай оқыту шаралары Орал, Қостанай, Астана, Түркістан және Ақтөбе қалаларында өтті.
Бағдарламаның мақсаты – дене шынықтыру мұғалімдері, спорт қызметкерлері, сондай-ақ білім, денсаулық сақтау және бұқаралық ақпарат құралдары саласының мамандары арасында кәсіби стандарттарды арттыру.
Одан бөлек, оқыту бағдарламасының бір бөлігі ретінде жастардың қазақстандық танымал спортшылармен кездесулері өткізіледі.
Алматыда өткен шарада жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин және спорттық гимнастикадан Париж ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қатысты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 2 қаңтар 2025
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жолдар жабылды
-
17:55, 2 қаңтар 2025
Алматыдағы «Москва» сауда ойын-сауық орталығынан өрт шықты
-
17:46, 2 қаңтар 2025
Алматы облысы мен Жетісу облысында жер сілкінді
-
17:26, 2 қаңтар 2025
Мемлекет басшысы Черногория Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
-
17:13, 2 қаңтар 2025
Қарағандылық құтқарушылар шетелдік әйелге көмек қолын созды