БАҚ: Пхукетте қазақстандық апатқа ұшырады

14:44, 2 сәуір 2025

© Сурет: pexels

2025 жылдың 1 сәуірінде Пхукеттегі жол-көлік оқиғасында мотоциклші қайтыс болды. Жергілікті басылымның мәліметінше, қаза тапқан адам Қазақстан азаматы болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Пхукет жаңалықтары" Telegram арнасының ақпаратына сәйкес, 1 сәуірге қараған түні мотоцикл жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатып, рөлге ие бола алмай, бағанаға соғылған. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Алдымен билік марқұмның ресейлік турист екенін айтты. Олар ұялы телефон экранындағы орыс тіліндегі сөздерді көріп, осындай қорытындыға келген.

Алайда, кейінірек қайтыс болған адамның Қазақстан азаматы екендігі анықталды. Ер адам аралда жұмыс істеген.

Zakon.kz тілшісі түсініктеме алу үшін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметіне жүгінді.

Олар марқұм туралы мұндай ақпарат жоқ екенін айтты.

Еске салсақ, 27 наурызда Кореяда жантүршігерлік жол апатынан төрт қазақстандық қаза тапқаны хабарланған болатын. Онда ішінде төрт отандасымыз болған Mercedes-Benz көлігі жоғары жылдамдықпен келе жатып, жол жиегіне шығып кеткен. Көлік жолдың оң жағындағы қоршауға соғылып, бірнеше метрге ұшып, соққыдан кейін өртенген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!