«Байқоңырда» жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерге қосымша ақы белгіленді

14:54, 6 ақпан 2026

© Фото: АО "ЦЭНКИ"

2026 жылғы 3 ақпандағы Үкімет қаулысымен азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің және қазыналық кәсіпорындар жұмысшыларының еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне қарасты "Байқоңырбаланс" республикалық мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметшілеріне ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақының 70 пайызы мөлшерінде қосымша ақы белгіленді.

Қосымша ақы мына жағдайларда төленеді:

  • ерекше жұмыс режимі белгіленген Байқоңыр қаласының аумағында жұмыс істегені үшін;
  • ғарыш техникасымен жұмыс істегені үшін;
  • "Байқоңыр" ғарыш айлағы аумағында көшпелі сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін.

Қаулы 2026 жылғы 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!