Қазақстанда дәл қазір қай жолдар жабық тұр

18:37, 5 ақпан 2026

© Сурет: Zakon.kz

2026 жылғы 5 ақпан сағат 18:00-де ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше республикалық автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы:

  • "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы).

Қызылорда облысы:

  • "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1806 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы – Қызылорда қаласы).

Абай облысы:

  • "ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы" автожолының 910-1002 шақырым аралығында (Қалбатау ауылы — Көкпекті ауылы).

Сондай-ақ "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 776-965 шақырым аралығындағы учаскесінде (ЭКО ойл жанармай стансасы – Қарабұтақ ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Жолдарды 2026 жылғы 6 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!