Азия ойындарының қола жүлдегері Аян Тұрсын неге жылап қалғанын айтты
© Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Туризм және спорт министрлігі ушу-саньдадан Азия ойындарының қола жүлдегері Аян Тұрсынның қысқаша сұқбатының видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жаттығуларға қатыса бастағаннан өз-өзіме сенімді бола бастадым. Спортқа 10 жасымда кірістім. Бастапқы 10 жылда таэквондоға қатысқан болатынмын. Одан әртүрлі спорт түрлерін сынап көрдім. Ақыры осы ушуға келіп тоқтадық", - дейді Аян Тұрсын.
Сондай-ақ ол соңғы жекпе-жегінде көзіне неге жас алғанын айтты.
"Ушу-саньдо - Қытайдың ұлттық спорт түрі. Оның үстіне жарыс осы елде өтіп жатыр. Сондықтан осы қарсыласыма мықтап дайындалып, оны жеңемін деп келген болатынмын. Өкінішке қарай, оның бағы жанды. Намыстаным, әрине. Көзіме жас алдым содан", - дейді Аян Тұрсын.
Спортшы өз сұқбатында анасы жайлы да айта кетті.
"Анам жекпе-жек болып жатқанда менің өнерімді тамашаламайды. Кейін қайталап көріп жатады. Анамның мәнтісін сағындым. Жусай қосып ашыған қамырмен жасайды. Үнемі жарыстардан қайтқанда сол мәнтіні дайындап анам мені қарсы алады", - дейді Аян.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





