Азия ойындары: 25 қыркүйек күнгі жарыстың нәтижелері

23:09, 25 қыркүйек 2023

© Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін Азия ойындарында құрама қоржыны үш қола медальмен толықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дзюдо:

Дзюдодан 81 келі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар мен 63 келіде сынға түскен Эсмигүл Куюлова Азия ойындарының қола жүлдегерлері атанды.

Спорттық ату:

Оқ атудан 25 метрге жылдам атылатын тапаншамен сайыс финалында Никита Чирюкин қола медаль жеңіп алды.

Бокс:

Сәкен Бибосынов пен Наталья Богданова Азия ойындарын сенімді жеңіспен бастады.

Су добы:

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші ойында Сингапур командасын 12:6 есебімен ұтты.

Шахмат:

Шахматтан 3 және 4-раунд ойындары өтті.

Жекелей сында Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік екі жеңіске жетті.

Ал ерлер бәсекесінде Ринат Жұмабаев бір матчта жеңіске жетті, ал Қазбек Нөгербек бір рет тең ойнады.

Теннис:

Үлкен теннистен Гөзал Айнитдинова/Жібек Құламбаева жұбы алғашқы раундта қатарлық Сафия Эл-Зани/Шайха Халифаны 6:0, 6:0 есебімен ұтты.

Дәл осындай есеппен Денис Евсеев те жекелей сында екінші айналымда Шығыс Тимор спортшысын жеңді.

Аралас сында Жібек Құламбаева мен Григорий Ломакин Оңтүстік Кореядан келген қарсыластарын 7:6, 7:5 есебімен жеңіп, жарыстың үшінші кезеңіне өтті.

Жағажай волейболы:

Ерлер арасындағы жағажай волейболынан Қазақстан командасы жартылай финалға өтті.

Гандбол:

Қазақстандық гандболшылар 31:27 есебімен Өзбекстан командасын жеңді.

У-шу:

Әбдусамат Әшімов пәкістандық М.Рехманды айқын басымдылықпен жеңіп, келесі кезеңге шықты.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!