Азиада ойындары-2023: Әбиба Әбужақынова алтын медальға таласатын болды

12:13, 24 қыркүйек 2023
130

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін таласатын болды.

Жартылай финалда отандасымыз Оңтүстік Корея балуаны Геккион Лиденнен мықты болып шықты. Оның қарсыласы белдесу барысында үш ескерту алып, бұл Абибаға жеңіс әкелді.

Шешуші жекпе-жекте ол жапондық Нацуми Цунодамен кездеседі.

Алдында Әбиба Әбужақынова Солтсүтік Корея балуанын ұтып, жартылай финалға өткенін жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!