Аян Бейсенбаев Астанадағы Азия кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды

13:22, 20 маусым 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазақстан құрамасының триатлоншысы Аян Бейсенбаев Астанада өткен Азия кубогы кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз жарыс жолын 00:54:05 уақыт көрсеткішімен аяқтап, мәреге бірінші болып жетті.

Екінші орынды Тео Матри иеленді — 00:54:08. Ал үздік үштікті чехиялық Радим Гребик түйіндеді — 00:54:09.

Егор Крупяков сегізінші орын алса, Дарын Қонысбаев 11-орынға тұрақтады. Темірлан Теміров 14-ші, Рамазан Айнегов 18-ші, Максим Шмулич 21-ші, Арлан Жаңабай 24-ші, Александр Тен 25-ші, Елмұрт Қанай 30-шы, Данил Породнов 33-ші, Александр Автушко 34-ші, Әлинәби Марабеков 35-ші және Илья Крупяков 36-шы нәтиже көрсетті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!