Аванстық төлемдер, есептілік, шоттарды бұғаттау: қандай өзгерістер бар
© Фото: pexels
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мамандары "Халық бухгалтері" акциясы аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексіне байланысты қазақстандықтарды толғандырған ең өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аванстық төлемдерді кімдер төлемейді, 2026 жылы өзгеріс бар ма?
Аванстық төлемдерді төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеушілер, мына тұлғалардан басқа:
- алдыңғы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңі үшін түзетулерді ескере отырып есептелген жиынтық жылдық табысы 600 000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын салық төлеушілер (4325 × 600 000 = 2 595 000 000 теңге);
- жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер – тіркеуші органда мемлекеттік (есептік) тіркеу жүргізілген салық кезеңі ішінде және одан кейінгі салық кезеңінде;
- Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы қызмет жүзеге асыратын, салық органдарында жаңадан тіркелген резидент емес заңды тұлғалар – тіркелген салық кезеңі ішінде және одан кейінгі салық кезеңінде;
- Салық кодексінің 329-бабының 1-тармағы мен 330-бабын қолданатын коммерциялық емес ұйымдар;
- Салық кодексінің 331-бабында көзделген талаптарға сай келетін мүгедектігі бар адамдар ұйымдары;
- екінші деңгейлі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын ұйым;
- "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Конституциялық заңға сәйкес Орталықтың органдары және АХҚО органының ұйымдары;
- Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес құрлықтағы газ жобаларын игеруді жүзеге асыратын, Салық кодексінің 83-тарауында көзделген салық салудың ерекшеліктерін қолданатын жер қойнауын пайдаланушылар.
Жеке кәсіпкер бухгалтерсіз өз бетінше есеп тапсырып, есеп жүргізе ала ма?
"Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" заң нормаларына сәйкес, жеке кәсіпкерлер бір мезгілде келесі шарттарға сай келсе, бухгалтерлік есеп жүргізбеуге (алғашқы құжаттарды жасау мен сақтауды қоспағанда) және қаржылық есептілік тапсырмауға құқылы:
- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданса және күнтізбелік жылдағы табысы 135 000 АЕК-тен аспаса (583 875 000 теңге);
- қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу есебінде тұрмаса;
- табиғи монополия субъектісі болып табылмаса.
Осы шарттардың кем дегенде біреуіне сәйкес келмеген жағдайда, жеке кәсіпкер сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есептілік жасауға міндетті.
Осылайша, заң талаптарына сай келетін жеке кәсіпкер бухгалтерлік есепті (алғашқы құжаттарды жасау мен сақтауды қоспағанда) жүргізбеуге құқылы. Бухгалтер тарту – кәсіпкердің өз шешімі.
Нөлдік есептер автоматты түрде тапсырылуы үшін не істеу қажет?
Салық төлеуші (салық агенті) салықтық тіркеуден өткеннен кейін веб-қосымшада тапсыруға жататын салық есептілігі нысандарын көрсетеді.
Қызмет түрлері өзгеріп, басқа есептілік нысандарын тапсыру қажеттілігі туындаған жағдайда, салық төлеуші (салық агенті) есептілік тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін веб-қосымшада тиісті нысандарды белгілейді.
Бұл функционал 2026 жылғы алғашқы салық кезеңі үшін есептілік тапсыру мерзіміне жақын уақытта салық төлеушінің СТК профилінде қолжетімді болады.
Сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығынан басқа салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Ол үшін салық органына электронды түрде хабарлама жіберіп,СӘАЖ СТК жүйесіндегі салық төлеуші профилінде құрылымдық бөлімше тапсыратын есептілік нысандарын көрсетуі қажет. Бұл функционал 2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында қолжетімді болады.
2026 жылы есептілікті кері қайтарып алу мүмкін бе?
Салық кодексінің нормаларына сәйкес, 2026 жылдың қаңтарынан бастап, тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі кері қайтаруға жатпайды.
2026 жылы қандай қарыз сомасында банк шоты бұғатталады?
Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарындағы қаражат есебінен салық берешегін өндіріп алу мәжбүрлі тәртіппен жүзеге асырылады, егер салық берешегінің сомасы 20 АЕК-тен кем емес болса. 2026 жылға бұл сома 86 500 теңгені құрайды.
Бұған дейін мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілерге қандай жеңілдіктер бар екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:04, 23 қаңтар 2026
Алматыдағы №1 қалалық перзентхана ғимараты толықтай бұзылды: себебі не
-
17:48, 23 қаңтар 2026
Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты
-
17:38, 23 қаңтар 2026
Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы: 24 және 25 қаңтар
-
17:26, 23 қаңтар 2026
Ақмола облысында заңсыз фитозертхана анықталды: 70 түп қарасора тәркіленді
-
17:21, 23 қаңтар 2026
Қазақстан қыздар құрамасы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді





