Ауыл қазақтары бір-бірінен ескі аккумулятор ұрлайтын күйге жеттік

14:49, 21 қаңтар 2021

2021 жылғы 20 қаңтар күні кешке Алакөл ауданының полициясына телефон шалған тұрған Бескөл ауылының шетіндегі метал қабылдау орнынан аккумулятордың ұрланғанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер қылмысты жедел ашып, мән-жайды анықтады, хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метал қабылдау орнында жұмыс істейтін 26 жастағы жігіт қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұлтартпас айғақтардан кейін ол қылмысын мойындап, арнайы техниканың аккумуляторын ұрлап, танысына сатып жібергенін мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деді Алакөл ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қуат Оспанов.

Қылмыстың мән-жайын анықтау үшін тәртіп сақшыларына небәрі 3 сағат кетті. Олар күдікті сатқан аккумуляторды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бары тексерілуде.




Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!