Аустриялық теннисші Юрий Родионов Astana Open турнирінің екінші айналымына өтті

16:44, 28 қыркүйек 2023

© Сурет: ktf.kz

Astana Open ATP 250 турнирінің бірінші айналымында франциялық теннисші, әлемнің 63-ракеткасы Грегуар Баррер мен Аустрия өкілі Юрий Родионов кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы сетте франциялық теннисші 6:2 есебімен басым түссе, келесі сетте аустриялық есепті теңестірді – 6:4.

Бұл матчтың жеңімпазы тай-брейк арқылы анықталды. Онда аустриялық теннисші 7:6(7:5) есебімен жеңіске жетті.

2 сағат 21 минутқа созылған матч кезінде Грегуар Баррер эйс пен бір қос қате жасады. Ол сегіз брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Ал оның қарсыласы - Юрий Родионов төрт эйс пен бір қос қате жасады. Төрт брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды.

Еске салайық, бұған дейін франциялық теннисші Адриан Маннарино Astana Open турнирінің бірінші айналымында жеңіске жеткен еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!