Атыраулық тұрғын алаяққа 800 мың теңгесін бере салған

15:07, 18 қаңтар 2022

© Сурет: Zakon.kz

Атырау тұрғыны пәтер алып беремін деген алаяққа 800 мың теңгесін беріп, сан соғып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау қалалық полиция басқармасына 38 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол өткен жылы үш бөлмелі пәтер алып беремін деген әйелге 800 мың теңгесін берген, алайда әйел оған үй де алып бермеген, ақшасын да қайтармаған.

Полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде 33 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!