Атыраулық полицейлер кәсіпкерлерді бопсалаған қылмыстық топты ұстады
© Сурет: видео скрині
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық топты 6 желтоқсан күні ұстады. Олар жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге қаражат бопсаламақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полицейлер 1991, 1996, 1996 және 1998 жылы туған күдіктілерді 2 млн 600 мың теңге алып жатқанда ұстады.
Олардың деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталды. Жәбірленушілерді наурыз айынан бері бопсалап, әрқайсысынан 5 млн-ға жуық ақша қаражатын иемденбек болған.
Күдіктілер ұсталып, басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталып жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:42, 14 қаңтар 2025
Юлия Путинцева Australian Open алғашқы айналымында армениялық теннисшіні жеңді
-
17:30, 14 қаңтар 2025
Алматы маңындағы қоймадан ірі өрт шықты
-
17:15, 14 қаңтар 2025
Айбек Сыдықов мәдениет және ақпарат вице-министрі болды
-
17:03, 14 қаңтар 2025
Australian Open: Елена Рыбакина екінші айналымға шықты
-
17:00, 14 қаңтар 2025
Қазақстанның бейрезиденттері үшін төлем карточкаларының әрекет ету мерзімі бір жылмен шектелді