Атырауда зиратты талқандаған үш жасөспірім ұсталды
© Фото: zakon.kz
Атырауда зиратты талқандады деген күдікпен үш жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Еркінқала ауылы маңындағы қабірлердің бүлінуіне қатысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Күдіктілер анықталып, ұсталды. Үш күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Олардың бәрі кәмелетке толмаған, тергеу барысында олардан заңды өкілдерінің қатысуымен жауап алынып жатыр", - делінген хабарламада.
Қазір заңда барлық тергеу амалы жүргізіліп жатыр.
Кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарының есебіне қойылады, ал іс материалдары кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберіледі. Тергеу барысында құқықбұзушылардың ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесі де қаралады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:01, 25 қаңтар 2026
Жол апатынан кейінгі кісі өлімі: Шымкентте тағы үш күдікті ұсталды
-
13:30, 25 қаңтар 2026
Қазақстанда тағы бір мерзімді әскери қызметші қаза тапты
-
13:00, 25 қаңтар 2026
Астанада жол ережесін өрескел бұзған азаматтар жауапқа тартылды
-
11:05, 25 қаңтар 2026
Қазақстан теннисінің жас жұлдызы Әмір Омарханов Испаниядағы турнирде жеңіске жетті
-
10:31, 25 қаңтар 2026
Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер қолға түсті: видео





