3,6 млн теңге алимент қарызы бар әке баспанасынан айырды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қостанай облысында алимент қарызы бар екі борышкерден балалар алдындағы қаржылық міндетін өтеу үшін жылжымайтын мүлік өндіріп алынды. Олардың орындалмаған міндеттемелерінің жалпы сомасы 7 млн теңгеден асты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 24 тамызда облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді. Қадағалау органының мәліметінше, тексеру барысында аудан тұрғындарының бірінің алимент төлеу міндетін ұзақ уақыт бойы орындамағаны анықталған.
Оның кәмелетке толмаған баласының алдындағы қарызы 3,6 млн теңгеден асқан.
"Баланың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында прокуратура атқарушылық іс жүргізу аясында тиісті шаралар қабылдады. Нәтижесінде 2026 жылғы 6 мамырда Қарабалық аудандық соты борышкердің Қарабалық ауылында орналасқан тұрғын үйіне өндіріп алу туралы ұйғарым шығарды", – делінген хабарламада.
Тағы бір жағдайда борышкер 2019 жылдан бері бірнеше жыл бойы баласын асырау жөніндегі міндетін орындаудан жалтарған. Оның қарызы 3,4 млн теңгені құраған.
"Прокуратураның бастамасымен борышкердің жылжымайтын мүлігінен өндіріп алу процессі қолданылды. Қазіргі уақытта пәтердегі үлестен жиналған қарызды өтеу есебі жүргізіліп жатыр", – деп қорытындылады қадағалау органы.
Бұған дейін алматылық ер адам алимент төлеуден жалтармақ болып, ақырында өзі ұсталып, әйелін де қиын жағдайға қалдырғаны туралы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:53, 25 тамыз 2026
Қазақстан авиаотын тапшылығы мәселесін қалай шешеді
-
13:46, 25 тамыз 2026
Қазақстандықтар бензин сапасына жаппай шағымданды – Энергетика министрлігінің түсініктемесі
-
13:32, 25 тамыз 2026
Астананың 27 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткімен ұсталды
-
13:13, 25 тамыз 2026
Құрылтай депутаттарын сайлау: дауыс беру қорытындысы жарияланды
-
13:02, 25 тамыз 2026
Алматыда үш бірдей көлік соқтығысып, бір адам зардап шекті





