Атырауда қызылша ауруы өршіп тұр
© Фото: unsplash
Атырау облысында қызылша ауруының таралуы күшейді. Соңғы бір айдың ішінде өңірде 100-ден астам адамнан қызылша анықталған. Мамандардың мәліметінше, науқастардың 86 пайызы — 5 жасқа дейінгі балалар.
Дәрігерлер аурудың ушығуын уақытылы екпе алмаумен байланыстырады. Қазіргі таңда ем қабылдап жатқан науқастардың басым бөлігі — 1 мен 5 жас аралығындағы балалар. Дегенмен, медицина ұйымдарында науқастарды орналастыруға жеткілікті орын бар екені айтылды.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлназ Ербатырованың айтуынша, бір жасқа дейінгі балалар екпе алатын жасқа жетпегендіктен ауру жұқтырып отыр. Ал 1–5 жас аралығындағы науқастардың көбі — екпеден бас тартқан ата-аналардың балалары, деп жазады qazaqstan.tv.
Дәрігерлердің дерегіне сәйкес, республика көлемінде де эпидемиологиялық ахуал күрделеніп келеді. Соңғы бір айда ел бойынша 2 мыңға жуық адам қызылша жұқтырған. Әсіресе, Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Алматы облыстарында сырқаттанушылық деңгейі жоғары.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Мейірім Сұлтанова қызылшаның ауа-тамшы жолымен тез тарайтынын атап өтті. Оның сөзінше, аурудың алдын алудың ең тиімді жолы — уақытылы вакцина алу. Науқаспен байланыста болған адамдар бақылауға алынып, эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес екпе егіліп, инкубациялық кезеңде медициналық тексеруден өткізіледі.
Мамандар ата-аналарды балалардың вакцинация күнтізбесін сақтауға және ауру белгілері байқалған жағдайда дереу дәрігерге жүгінуге шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:09, 6 ақпан 2026
Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы – 6 ақпан
-
10:55, 6 ақпан 2026
Маңғыстау облысында есірткіні жарнамалайтын 125 интернет-ресурс бұғатталды
-
10:46, 6 ақпан 2026
Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз күтілуде – ТЖМ шұғыл ескерту жасады
-
10:38, 6 ақпан 2026
Қазақстанда 4,5 мың науқас донарлық ағза кезегін күтіп жүр
-
10:27, 6 ақпан 2026
Павлодарда бейнекамералар арқылы 3 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды





