Атырауда алаяқтыққа көмектескендер жазаланды
© Фото: Zakon.kz
Атырау облысында интернет-алаяқтыққа қатысы бар үш азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Олар қылмыстық схемаларда "дроппер" ретінде әрекет етіп, заңсыз жолмен алынған қаражатты өздерінің банк есепшоттары арқылы өткізіп отырған.
Тергеу барысында 21, 31 және 37 жастағы күдіктілер жеке деректері мен банк шоттарына қатысты құпия ақпараттарды бөгде адамдарға бергені анықталды. Нәтижесінде алаяқтар жәбірленушілерден алынған қаражатты алдымен осы азаматтардың есепшоттарына аударып, кейін басқа тұлғалардың шоттарына жіберіп отырған.
Осы тәсіл арқылы қылмыстық әрекеттердің ізі жасырылған. Сот отырысында олардың кінәсі толық дәлелденіп, әрқайсысына заң талаптарына сәйкес жаза тағайындалды. Атап айтқанда, түрлі мөлшерде айыппұл салынды.
Мұндай құқық бұзушылықтардың кең таралуына кей азаматтардың өз есепшоттарының құпия деректерін (карта нөмірі, CVV-код, SMS-кодтар, логин мен құпиясөз) оңай бере салуы себеп болып отыр. Көп жағдайда адамдар "жеңіл табыс табу", "картаңызды жалға беру", "ақшаңызды көбейту" сынды жалған ұсыныстарға сеніп, өздері де қылмыстық әрекеттерге еріксіз араласып кетеді.
Осыған байланысты полиция департаменті азаматтарды барынша сақ болуға шақырады. Есіңізде болсын: банк есепшотыңыздың деректерін бөгде адамдарға беру — заң алдындағы жауапкершілікке әкеледі.
Мұндай әрекеттер алаяқтыққа қатысу ретінде бағаланып, қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болады.
Сақтық шаралары:
– банк картасы мен есепшоттың құпия деректерін ешкімге бермеңіз;
– күмәнді ұсыныстар мен "жеңіл табыс" туралы хабарламаларға сенбеңіз;
– белгісіз сілтемелер мен қосымшаларды пайдаланбаңыз.
Құқық қорғау органдары интернет-алаяқтыққа қарсы күресті күшейтіп, мұндай құқықбұзушылықтарға қатысы бар тұлғаларды анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Егер сіз күмәнді жағдайларға тап болсаңыз немесе заңсыз әрекеттер туралы білсеңіз, дереу полицияға хабарлаған жөн. Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік — әр азаматтың өз жауапкершілігінде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:47, 24 сәуір 2026
Мемлекет басшысы «Болашақ ойындары – Астана 2026» халықаралық турниріне кері санақты бастады
-
14:39, 24 сәуір 2026
Цифрлық Қазақстан үшін кадр даярлау: жаңа жасанды интеллект университеті мен өзге бастамалар
-
14:27, 24 сәуір 2026
Астанада жасөспірімдерге арналған TUMO Astana цифрлық білім беру орталығы ашылды
-
14:14, 24 сәуір 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
-
13:52, 24 сәуір 2026
Алматыдағы пойыз вагонында 52 адамның улануына қатысты жаңа деректер айтылды





