Атырау облысындағы отбасы өлімі: күдікті туралы не белгілі

16:06, 8 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова

2025 жылдың соңында Атырау облысының Жангелдин ауылында төрт адамнан тұратын отбасы жоғалып кеткен. Ал 2026 жылдың қаңтарында отбасы отағасы мен оның жұбайының мәйіттері қорадан табылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2026 жылғы 8 қаңтарда, Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кісі өлтіру дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланғанын мәлімдеді.

"Қылмысқа күдікті – Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны", – делінген Атырау облысы ПД хабарламасында.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары өзге де тұлғалардың қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқанын нақтылады.

Бұдан бөлек, полиция әлеуметтік желі қолданушыларына ресми ақпарат көздеріне ғана сүйенуге және расталмаған, жалған мәліметтерді таратпауға шақырды.

Еске сала кетейік, отбасы 2025 жылдың күзінде жоғалып кеткен. Ал туыстары полицияға олардың жоғалғаны туралы арызды тек желтоқсан айында берген.

2026 жылғы 6 қаңтарда бұрын хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!