Атырау облысындағы бірқатар ауылда карантин жарияланды
© Фото: akorda.kz
Атырау облысында ірі қара мал арасында жұқпалы инфекциялық ринотрахеит ауруы тіркелді. Осыған байланысты Құрманғазы ауданындағы бірнеше елді мекенде карантин енгізіліп, ветеринарлық бақылау күшейтілді.
Мамандардың мәліметінше, індет Құрманғазы ауданындағы Дыңғызыл, Бөкейхан, Еңбекші және Құрманғазы ауылдық округтерінде анықталған. Аталған аумақтардан малды сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынды, деп жазады qazaqstan.tv.
Қазіргі таңда ауру жұқтырған 1407 ірі қара тіркеліп, олардың мыңнан астамы толықтай сауығып шыққан. Қалған малға емдеу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар сау малға профилактикалық екпе салу басталды.
Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Сайран Ғұднанның айтуынша, карантин жарияланған ауылдарда мал етін сатуға және ветеринарлық анықтама беруге шектеу қойылған.
"Ресей Федерациясы аумағынан мал тасымалының жиілеуіне байланысты аурудың таралу қаупі артты", – дейді маман.
Ветеринар дәрігерлердің хабарлауынша, инфекциялық ринотрахеит негізінен жануарлар арасында таралады, ал адамға жұғу жағдайлары өте сирек кездеседі. Қазіргі уақытта адам арасында ауру тіркелмеген.
Сондай-ақ Құрманғазы ауданымен шектесетін Исатай ауданындағы Зинеден ауылында да 70-ке жуық сиырдың ауырғаны анықталды. Мал толықтай сауығып, барлық ветеринариялық шаралар аяқталғаннан кейін ғана, яғни 30 күн өткен соң карантиндік шектеулер алынады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:00, 10 ақпан 2026
Бектенов 2026 жылы халықтың нақты табысын арттыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді
-
10:52, 10 ақпан 2026
Қазақстанда энергия тапшылығы 29%-ға азайды, биыл 2,6 ГВт жаңа қуат қосылады
-
10:43, 10 ақпан 2026
Алматы автобустарында жолақы төлеудің жаңа жүйесі: жолаушылар нені білуі керек
-
10:38, 10 ақпан 2026
Олжас Бектенов: Үкімет шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа шараларын әзірлеуде
-
10:33, 10 ақпан 2026
Бектенов Президентке ел экономикасын нығайту жөніндегі тапсырмалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндады





