Қала күніне орай: Almaty TV жасанды интеллект көмегімен Алматы туралы өз мультсериалын ұсынады
© Сурет: almaty.tv
Almaty TV телеарнасы Қала күні қарсаңында жасанды интеллект технологияларының көмегімен әзірленген "Алматы құпиялары: Айлин мен Барыс" атты өз өндірісіндегі анимациялық жобаны ұсынады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басты кейіпкерлер — Айлин мен Барыс қызықты оқиғаларға толы саяхатқа аттанып, көрермендерді Алматы қаласымен, оның бай тарихымен, бірегей мәдениетімен және заманауи келбетімен таныстырады.
Мультсериалдың сюжеттік желілеріне Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан", "Әділетті Қазақстан", "Заң мен тәртіп", "Амандасу" және "Жеңімпаз ұлт" жалпыұлттық бағдарламалары мен тұжырымдамалары енгізілген.
Кейіпкерлердің оқиғалары арқылы жас көрермендер заңды құрметтеудің, қоғам алдындағы жауапкершіліктің, салауатты өмір салтының маңызын түсінеді, сондай-ақ жайлы қалалық ортаны дамыту мен ел игілігі жолындағы жасампаз еңбек туралы біледі.
Мультсериалды жасауға телеарна қызметкерлерін Мемлекет басшысының Қазақстан тарихын балалар мен жастарға анимациялық фильмдер арқылы кеңінен насихаттау тапсырмасы, сондай-ақ Цифрландыру жылы аясында Almaty TV өндірістік қызметіне жасанды интеллект құралдарын белсенді енгізу үдерісі ынталандырды.
Жасанды интеллект технологияларының, тартымды сюжеттің және харизмасы жоғары кейіпкерлердің үйлесімі жаңа мультсериалды өскелең ұрпақты тәрбиелеудің және Қазақстанның мәдениеті мен болашағына қызығушылық қалыптастырудың маңызды құралдарының біріне айналдырады.
Алғашқы бөлімдері телеарнаның эфирінде және әлеуметтік желілерінде осы сенбі, 19 қыркүйек күні сағат 10:00-де көрерменге жол тартады.
Бұған дейін Almaty TV соңғы жылдардағы ең мазмұнды маусымдардың бірі болғалы отырған жаңа телевизиялық маусымның басталғанын хабарлады. Көрермен назарына көпшіліктің көңілінен шыққан бағдарламалармен қатар жаңа жарқын жобалар мен отандық сериалдардың премьералары ұсынылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:08, 18 қыркүйек 2026
Түлкібастағы атыс: 17 жастағы жасөспірімді өлтіргендер сотталды
-
13:00, 18 қыркүйек 2026
Алматыда Қала күніне орай Ашық есік күні өтеді
-
12:55, 18 қыркүйек 2026
Қоқыс полигонынан қарасора жұлып алған павлодарлық сотталды
-
12:48, 18 қыркүйек 2026
«Кітап оқитын ұлт» жобасына миллионнан астам қазақстандық қосылды
-
12:24, 18 қыркүйек 2026
Вьетнамның танымал туристік қаласында үш жер сілкінісі болды





